Қазақ тіліндегі мәтін сапасын автоматты түрде тексеретін жаңа цифрлық құрал пайда болды. IT маманы, программист Ерлан Оспан әзірлеген `Қатегер` жобасы күнделікті жазбадағы қателерді түзетіп қана қоймай, тіл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Автордың айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты ешкімді сынамай, дұрыс нұсқаны ұсыну арқылы қазақша жазуға деген ынтаны арттыру.
Жаңалықтар