Кеше Есентай өзенінің бойымен серуендеуге шықтым. Бірінше рет келгендіктен шығар, барлығы сымбатты көрінді. Халық көп-ақ. Әл-Фараби даңғылынан бастадық. Сол әйгілі «Есентай Молл» ғимаратына қарама қарсы бағыттан бастау алады. Өзеннің жағалауы көрікті абаттандырылған. Суы ауаны мұздатып, таза леп береді. Қыста жұлынып түскен қоршау, бүгін жамалыпты. Жоғары қарай жүре бердік. Ұзындығы 7-8 шақырымды құрайтын жағалаудың бойынан жалғыз