Көкшетау қаласының тұрғыны сүйіктісімен саябақта қыдырып жүріп өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асырып келген. Оның қу айласы әшкереленіп, жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Toppress.kz сайты хабарлады. 25 жастағы Көкшетау тұрғыны қылмыстық әрекеттерін өткен жылдың қазан айында бастаған. Оңайлықпен ақша таба қоямын деген жігіт әлеуметтік желі арқылы есірткі тарататын адамдарды тауып алыпты. Ал базаға