Көкшетау қаласындағы «Центральный» ықшам ауданы, 13-үйдің тұрғындары жыл сайын қайталанатын мәселеден шаршағанын айтады. Көктем келісімен көпқабатты үйдің ауласы үлкен көлге айналып, жүру де, көлікпен өту де мүмкін болмай қалады. Тұрғындардың сөзінше, өткен жылы бұл аулаға жаңа асфальт төселген. Алайда жөндеу жұмыстары жағдайды жақсартудың орнына, мәселені бұрынғыдан да қиындатып жіберген. Қазір аулаға жиналған су салдарынан көліктерді...