Көкшетауда жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытатын пештің қазандығы жарылды. Оқиға 16 ақпан сағат 23.20-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ТЖМ мәліметінше, апат айналым сорғысының ақауы салдарынан болған. Абырой болған қазандықтың жарылуы өртке ұласпаған, конструкциясы бұзылмаған.