Көкшетау қаласында жол жөндеуінен кейін тұрғынның ауласын су басу қаупі туындады. Қала тұрғынының айтуынша, мәселе былтыр жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін пайда болған. Оқиға Байтұрсынов пен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған. Тұрғынның сөзінше, бұрын көктем сайын мұндай жағдай болмаған, ал жол жаңартылғаннан кейін жол жабыны оның учаскесіне қарай еңістеп кеткен. Соның салдарынан қар еріген кезде көшедегі...