Көршісінің үйін балаларымен бірге өртемекші болған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, көршісі оның үйіне безнин шашып, өртеп жіберетін айтып қорқытқан. «Айтылған мекен-жайға дереу учаскелік полиция инспекторы, капитан Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай жетті. Олар …