Түркістан облысының Кентау қаласында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды. 1 мамыр мерекесіне орай аймақтағы шаһарда «Көктөбе» демалыс орны пайдалануға берілген. Жалпы құны 100,367 млн теңге болатын жоба аясында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту қойылған. Қастерлі рәміздің жан-жағы абаттандырылып, орындықтар, көлік тұрағы мен қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылды. «ҚазАқпараттың» хабарлауынша, іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі […]