Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалары жылына бірнеше миллион теңгеге жеке мектепте оқиды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Мен мұны жоққа шығарамын. Ол сюжетті көрдім. Бірақ тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та жариялауға болмайды. Менің балаларым ақысы 7 млн теңге тұратын мектепте оқымайды. Балаларым басқалар сияқты қалалық мектеп-лицейге …