Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленіп, есепшоты бұғатталады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды. Қостанай облысында 12 мыңнан астам адам борышкерлер тізімінде тұр. Тұрғындардың қордаланған қарызы 190 миллион теңгеге жеткен. Қостанай мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, он жылдан бері көлік салығын төлемей жүрген тұрғындар