Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында белгісіз бұзақылар ағайынды үш жігітті аналарының көзінше аяусыз соққыға жығып, ұрып кетті. Ұлдарының соққыға жығылғанын айғақтайтын бейнежазбаны Айгүл Әмірованың өзі Instagram желісіндегі парақшасына салды. Ол болған оқиғаны бастан-аяқ баяндап берген. «Мен олардың жанында болдым. Бұзақылар «Ттөбелесті тоқтатыңдаршы» деген сөзімді елеген де жоқ. Қайта өзімді де ұрып жіберді. Ортаншы және кенже ұлдарым […]