Статистка бюросының мәліметінше, Қазақстанда бір жылда орталық жылу әжептәуір қымбаттаған. 2024 жылғы қыркүйекте коммуналдық қызметтің бұл түрі Гкал үшін 5,2 мың теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 29,9% жоғары, ал қаңтардан бергі қымбатшылық 12,1%, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.