Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семейдің 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өткен түнде, 15 қазанда Семейдегі қалалық ЖЭО-1-де өрт шықты. Тасымалдау белдеуі, электр кабельдері мен көмір беру жүйесі жанып кетті. Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Бірақ қазандық қондырғыларына қатты отын-көмір беру тоқтатылды. Салқындату сұйықтығының параметрлері төмендеді. Құтқарушылар