Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан. Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар. Шаһардың