Конго Демократиялық республикасының шығысында Касинди қаласында шіркеу маңында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты және 30-дан аса адам жарақат алды. Бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» террорлық тобы өз мойнына алды, деп Tengrinews.kz Africanews.com сайтына сілтеп хабарлады. Қайғылы оқиға болған күні шіркеуге жүздеген адам жиналған. Шіркеуде орын болмай көпшілігі сыртта тұрған. Куәгерлердің айтуынша, дін қызметкер сөйлеп бастағаннан