Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Энергетика министрлігінің елімізді газбен қамтудағы жүйесін сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың айтуынша, Қазақстан Республикасы 2015-2030 жылдарға арналған бас схемасына сәйкес, елімізде газдандыру деңгейі 65 пайызға жетуі керек болған.