Яғни, президенттің бір мәрте 7 жылдық өкілеттік мерзімін белгілеу ұсынысы мақұлданды. Заң жобасы астана атауын өзгертуге байланысты Негізгі заңның 2-бабына түзетулер енгізуді және Конституцияда президенттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді көздейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы ҚР Конституциясына, соның ішінде Негізгі заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес деп танылсын.