Конституциялық сот Парламент депутаттары тобының өтінішін қарады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі. Конституциялық соттыңсайтындағымәлімет бойынша, депутаттар тобы 5 қаңтарда Конституцияның 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұрады. Сондай-ақ депутаттар«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?»деген сұраққа жауап беруді сұрады.