«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналардың мәртебесі үшін төленетін жәрдемақы өмір бойы ай сайын төленеді. Бүгінгі таңда бұл жәрдемақыны 230 мыңнан астам ана алып отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңгеден артық қаражат қаралған. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекспен «марапатталған аналар» ұғымы енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалы аналардың еңбегін құрметтеу