Танымал сатирик Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серік Сейітман жеткізді. «Көңілдеріңізге көп рақмет. Көпен ағам бізді тастап кетті…», - деп жазды ақын Facebook- парақшасында. Суық хабар тарағаннан кейін Көпен ағамен істес болған әріптестері, туындыларын сүйіп оқыған оқырмандары, шығармашылығын құрмет тұтатын жандар естеліктерімен бөлісіп, жоқтау жазбаларын