2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне су бетінде баланың мәйіті қалқып жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға орнына жеткен құтқарушылар Қора өзенінен 2018 жылы туған баланың денесін алып шықты. Аймақтағы ТЖД-нің қызметкерлері ата-аналардан баланы қараусыз қалдырмауын ескертті.