Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжіндегі тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.