Қазақстанда Pfizer вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы және 200 мыңға жуық Sinopharm қалды. Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 пандемиясы артта қалса, вакциналардың не болатынын айтып берді. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, қалған вакциналар бос қалмайды. Өйткені Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және ревакцинация жалғасуда.