Венада өткен 70-ші мерейтойлық Eurovision байқауында алғаш рет Болгария жеңіске жетті. 4 жыл үзілістен кейін додаға қайта қатысқан елдің атын DARA сахналық есімімен танылған Дарина Йотова асқақтатты. Оны байқауға ресейлік әнші Филипп Киркоровтың Dream Team командасы дайындаған. Йотова орындаған «Bangaranga» – бұған дейін Сергей Лазаревтің Eurovision-ға арналған әндерін жазған Димитрис Контопулостың әні. Бірақ биыл да Eurovision төңірегіндегі талқының бәрі музыкадан бұрын саясатқа ойысты. Мәдени шарадан гөрі Еуропадағы саяси көңіл-күйдің айнасына көбірек ұқсайтын байқау несімен ерекшеленгенін, қандай дауларға арқау болғанын Ulysmedia.kz тілшісі тарқатады.