Шымкентте Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажын хабардар еткен.