Қостанай облысында биылғы Наурыз мерекесінде қайратты қазақ жігіттері қошқар көтеріп күш сынаспауы мүмкін. Жергілікті жануарларды қорғау ұйымының белсенділері тірі қошқарды көтеріп, күш сынасу қошқарды қорлау деп үкім айтып, шу шығарыпты. Ал жергілікті билік болса, бұл ұсынысты құп алып, қазақ жігіттеріне қошқар емес, қап көтеріп күш сынасуды ұсынған. Қазақ халқы ғасырлар бойы той-думанда қошқарды мойын салып