Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 44 бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуовтың айтуынша, су тасқынына