Рудный қаласында 15 жастағы қыз Тобыл өзеніне батып кетті деп хабарлады turkystan.kz iagorod.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 29 мамырда Тобыл өзненіндегі ескі жағажайда болған. «Кезінде Рудный құтқару станциясы осында орналасқан. Бұл жер біраз жылдар бойы шомылуға жабдықталмаған. Бірақ адамдар әлі де осында демалуды жалғастырады» деп жазылған ақпаратта. Сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты. …