Фото: видеодан скрин Қостанай облысы, Қостанай қаласына қарасты Тобыл кентіндегі «Нұрай» шағынауданы, №7 үйдің тұрғындары төбеден су ағу мәселесіне шағымданды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Жылы ауа райы басталысымен пәтерлердің төбесінен су сорғалап, ішкі әрлеу қабаттары бүлінген. Бейнематериалды редакцияға осы үйдің тұрғыны Жасұлан Сыздықов жолдап, мәселенің соңғы күндері ушыға түскенін айтқан. Аталған көпқабатты үй...