Қостанай облысының автожолында отыз көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 8 ақпанда болғанын мәлімдеді. Қарлы боранның салдарынан жол мүлдем көрінбеген. Барлығы 10 республикалық және 17 облыстық жол жабылды.