Фото: Видеодан алынған кадр Қостанай облысының Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today. Алдын ала деректерге қарағанда, тілсіз жау ең алдымен үйдің шатырынан тұтанған. Құтқару қызметі оқиға орнында жұмыс істеп, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Өрттің шығу себептері мен зардаптары тексерілуде.
Жаңалықтар