Премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын тексерді. Бұл туралы министрдің сайты хабарлады. Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлер құрылысын көрді. Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 гектар аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсының ауданы – 100 шаршы