Қостанай облысындағы ауруханалар науқастарға дәрі-дәрмек пен азық-түлікті несиеге алады. 24.kz арнасы хабарлағандай, 43 мемлекеттік медициналық ұйымның 16-сының қаржылық жағдайы қиын. Аруханалар кредиторлық берешекке байланысты қарызға батқан. Барлығы 3 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Негізінен бұл дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізушілерге төленбеген шоттар. Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлерінің жалақысының жыл сайын көтерілуі ақша тапшылығына әсер еткен.