7 қыркүйек сағат 8:00-дегі ақпарат бойынша Қостанай облысында жалындап жатқан учаскелер жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабы хабарлады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қазір қалдық от ошақтары сөндіріліп жатыр. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау ұйымдастырылды. Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы күшейді. Озерное, Лесное