Жалған полицейді ұстау операциясын Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жүргізді. Полицияға облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ақша бопсалағанын хабарлады. Өтініш берушінің барлық дәлелдері мұқият тексеріліп, расталды, деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының