Қостанай облысы Тобыл қаласында жеке тұрғын үй жанында тұрған көлік жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Оқиға Ленин көшесі бойында болған. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен төтеншеліктер жеңіл көліктегі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.