«Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары тек қазақ тілінде оқитын болыпты» деп, Ресейдің баспасөзі байбалам сала бастады. Иә, бұл орыс тілін ығыстыру мен ана тілге басымдықты ашық беру. Бірақ, бірақ. Қоғамда түрлі пікір жүр. Бастауыш сыныптағы бұл өзгеріс тәуелсіз бүтін елдегі мемлекеттік тіл мәселесін түк те шешпейді-ау. Бүгінгі қойыртпақ қоғамда өскен қазақ баласы ертең бәрібір орысша үйреніп,