Кореяда тұратын қазақстандық Ғайни Әлжанова 29 қазанда Хэллоуин мерекесі қарсаңында Итэвондағы қайғылы оқиғаның куәгері болған. Ол Globalnews.kz тілшісіне өз көзімен көрген жантүршігершік жағдайды айтып берді. Қазақстандық Ғайни Әлжанова отбасымен бірге Кореяның Хвасон қаласында тұрады. 29 қазанда жолдасы екеуі жұмыс бабымен Кореядағы қызық өмір туралы контент түсіруге әрі мерекені тойлауға Сеулдегі атақты Итэвон көшесіне барған. Ғайнидің