Денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі – қоғамда ағза мүшесінің донорлығына оң көзқарас қалыптастыру. Трансплантацияны үйлестірушілер бұл бағытта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі заманда трансплантология – сұранысы көп жоғары технологиялық медициналық көмектің түрі саналады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар. Елімізде