Сапар барысында Ералы Тоғжанов өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысты. Ол жергілікті атқарушы органдар мен төтенше қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, тәуекелдерді барынша азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады. Сонымен қатар, ол Қаратөбе ауданы мен Орал қаласындағы су басу қаупі жоғары учаскелерді аралап, су объектілерінің жай-күйін және көктемгі су тасқыны салдарының алдын алу шараларының тиімділігін тексерді. Жұмыс сапары аясында Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына қатысты кеңес өткізді. Өз сөзінде ол Батыс Қазақстан облысының бұл бағдарлама бойынша республикада көш бастап тұрғанын атап өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарын жеңілдікпен қаржыландыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері талқыланды. […]The post ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
Жаңалықтар



































