Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті 3 қазақстандық азаматтың «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі. Ведомство мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ