Кісі өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адам 15 жылдан кейін Ресейден табылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы ІІМ Алтай өлкесі, Барнаул қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде кісі өлтірген іздеудегі қылмыскерді ұстады», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов. …