Ресейлік журналист, медиаменеджер, 2018 жылғы сайлауда президенттіктен үміткер болған Ксения Собчак Ресейден кетті. Ақпаратқа қарағанда, 26 қазанда таңертең Собчактың қала шетіндегі үйінде тінту болған. Оны Ресей ІІМ бас басқармасы тергеушілері арнайы жасақ пен жедел қызметкерлердің қатысуымен жүргізген. Тінту Собчактың әріптесі жуырда ұсталған Кирилл Сухановқа қозғалған қылмыстық іспен байланысты деп айтылады. Суханов Ксения Собчактың «Oсторожно: media»