Далай-лама Тибет буддизмінің ең жоғары деңгейлі рухани ұстазы болып есептеледі. Осы белгілі тұлға Үндістанда болған кештердің бірінде кішкентай баланы өзіне жақындатып, ернінен сүйеді. Кейін «тілімді сор» деп сұраған видеосы желіде тарап кетті. Көпшілік наразылық білдіріп, шебердің бұл қылығы ерсі деген айып таға бастады. Ақпан айының соңында Дхарамшаладағы Далай-лама ғибадатханасында өткен іс-шараға M3M қорының 100-ге жуық