Абхазияда өрттен кәмелетке толмаған бес бала қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Гал ауданы Папанырхуа ауылында тұрғын үй өртеніп, сегіз жас пен төрт айлық аралығындағы бес қыз бірдей мерт болды. Өртке әжелерінің пеш жаққанда керосиннің орнына бензинді құйып жібергені себеп болған.