Кешелі бері желіде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының капелдинер әйелдерінің шағымы тарады. Бейнежазбаны жазған олар "Айнұр Көпбасарованың стандарттарына сай келмегеніміз үшін бізді жұмыстан шығарып жатыр" деп мәлімдеді. Көпбасарова біздің порталдың оқырманына таныс адам. Ulysmedia.kz редакциясы бұл адам жайлы 2021 жылы жазған.