Соңғы алты жылдың ішінде 70 мың қарыз алушыға жалпы сомасы 2,2 млрд теңге айыппұл салынды. Еліміздегі ең ірі банктің қарыз алушылардың құқықтарын жаппай бұзуы 2022 жылдың тамыз айында, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) құжаттық тексерісі барысында анықталды. Әңгіме қарыз алушылар несиені мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда банктің ала алмай қалған пайызы үшін банктің