Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесу барысында энергетикалық сусындарды 18-ге толмаған жасөспірімдерге сатуға тыйым салу мәселесін көтерді. «Ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін бұл өте маңызды» дейді мемлекет басшысы. Зиянды заттарды сатуға шектеу қоюды мамандар көптен бері айтып жүр. Осыдан біраз уақыт бұрын ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Әлиақпар Матишев те осы мәселені көтерген болатын.