Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайда жастарымызды құрдымға апаратын бірнеше қоғамдық кеселге тоқталды. Оның ішінде лудомания мен синтетикалық наркотик мәселесі де көтерілді. Тіпті Үкіметке лудоманиямен күреске қатысты нақты тапсырма беріп, құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу керектігін айтты.