Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды деп хабарлады turkystan.kz. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Кофеинмен және тауринмен Flash up energy» (163,3 мг/л) және «Monster Energy» (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады. Бұл сусындарды өндірушілер «Балтика» «Сыра қайнату компаниясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және «Refresco Benelux B.V» (Нидерланды Корольдігі) компаниясы екен. …